Шығыс Қазақстан облысында қайта құрылған аудандарды жан-жақты дамытудың нақты жобасы жасалды. Былтырдан бері инфрақұрылым мен ғимараттар жөнделіп, жаңадан ашылған мекемелерге мамандар алып, оларды баспанамен қамту мәселесі шешіліп жатыр. Шығыс шекарадағы Марқакөл ауданында істеліп жатқан жұмысқа тілшіміз арнайы барып көз жеткізуге тырысты.

Көмек болып жатқанын былтырдан бері жөнделіп жатқан ғимарттардан да көруге болады. Марқакөл бұрын төрт түлігі түлген ауыл болатын. Бірақ соңғы 25 жылда әбден жүдеген. Дегенмен Президенттің аудан етіп қайта құру туралы жарлығы шыққан соң елдің үміті үдеген. Көші-қон да тоқтады. Былтыр республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлініп 8 ғимарат жөнделді.Оған мемлекеттік мекемелер қоныстанды. Қазір де бірнешеуі жаңғыртылып жатыр.

Облыста шекаралық ауданды дамытудың төрт жылдық кешенді жоспары жасалды. Ол өнідіріс, ауыл шаруашылығы,туризм. Жеке кәсіпкерлерді қолдауға басымдық беріледі. Ал ауылдан көшпей бұрын кәсіп ашқандар енді кеңейтіп жатыр.

Бүгінге дейін ауданның аумақтық шекарасы анықталып, ауылдардың құжаты жасалды. Жөнделген баспаналарға жұмысқа келген мамандар қоныстанып жатыр.Ал қазір аудандағы атқамінерлердің басты міндеті инфрақұрылымды жаңартып, инвестор тарту.

Қазір Марақкөл ауданында 10 мыңға жуық тұрғын бар.Елдімкендердің көбі шығыстағы шекараны жағалай қоныстанған.Енді сол ауылдарға инфрақұрлым түзіп, тұрғындардың санын көбейту мәселесі тұр.