Өскеменде «WorldSkills қозғалысы жағдайында инновациялық бағыттарды трансформациялау» атты республикалық семинар-практикум басталды. Бұл шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Семинарға елдің сегіз өңірінен келген білім беру саласының білікті мамандары қатысуда.
Шара барысында қатысушылар WorldSkills қозғалысының маңыздылығы мен келешегі туралы ой бөлісті. Жұмысшы мамандықтар бойынша білім беру әдістерін жетілдіру мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ, болашақ мамандарды даярлауда заманауи технологиялар мен жаңа әдістерді енгізудің маңыздылығы талқыланды.
Бұл семинардың басты ерекшелігі – қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, әр өңірдегі білім беру жүйесіне жаңашылдық енгізу мәселесін талқылайды.
Әр өңірден келген білім беру саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан бөлек, оқытушылар жағы кәсіби бағдар берудің жаңа тәсілдеріне ерекше қызығушылық танытты. Олардың пікірінше, мұндай шаралар болашақ мамандарды даярлау ісінде маңызды рөл атқарады.
«WorldSkills қозғалысы» еліміздегі білім беру сапасын арттыруға және кәсіби мамандарды даярлаудың заманауи әдістерін енгізуге ықпал етпек.