Аймақта су тасқынының алдын алуға арналған шаралар қызу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Алтай ауданында ҚР ТЖМ – не қарасты 68303 әскери бөлімінің қызметкерлері қар басқан аумақтарды тазартып, су өтетін арналар мен арықтарды қоқыстан босатып жатыр.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Алтайда, Зубовск кенті мен Тұрғысын ауылында жалпы 3 035 метр арық, 40 метр көпір, 14 су өткізу құрылғысы қардан тазартылды. Сонымен қатар, әскери қызметкерлер 200-ден астам арнайы қаптарды инертті материалмен толтырды. Бұдан бөлек, ШҚО құтқарушылары Ақмола облысында да су бұру жұмыстарын жүргізуде.