Мемлекет басшысының тапсырмасымен Катонқарағай және Зайсан ауданындарында жаңа әуежай құрылысы басталды. Көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бұл жоба аймақтың туристік әлеуетін арттырып, халықтың қатынасын жеңілдетуге мүмкіндік береді. ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов нысан басында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Катонқарағайда жаңа әуежай құрлысы қызу жүріп жатыр. Жаңа нысан тұрғындар үшін жол қатынасын жеңілдетіп, туризімді дамытуға серпін бермек. Жергілікті халық бұл өзгерісті асыға күтуде. Солардың бірі – Ерсайын Нурсеев.
Қатонқарағай ауданындағы әуежай Белқарағай мен Өрнек ауылдарының арасында, «Өскемен – Рахман қайнары» автожолы маңында орналасады. Әуежай аймақтың климаттық және географиялық жағдайын ескере отырып салынуда.
ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, келесі туристік маусымға дейін Зайсан және Катонқарағай аудандарындағы әуежайлар алғашқы рейстерді қабылдауға дайын болуы тиіс.
Сонымен қоса, биыл өңірде туризм саласын одан әрі дамыту үшін туристік нысандарға апаратын барлық жолдар жөнделеді.