ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Риддер жылу электр орталығына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Толығырақ келесі сюжетте.

ҚР Энергетика вице-министрі кеншілер қаласын жылумен қамтып отырған орталықтың жұмысымен танысты. Бүгінде станция 50 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Орталықтағы жөндеу жұмыстары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуы тиіс. Бұл мақсатқа ҚР Энергетика министрлігі тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі.

Былтыр Риддер ЖЭО облыстық «Шығыс Жылу» АҚ балансына өтті. Бұл шешім қаланы тұрақты жылумен қамтамасыз етіп, станциядағы құрылғылардың уақытылы жөндеуден өтуіне мүмкіндік берді. Биыл облыс әкімдігі жөндеуді қажет ететін нысандардың тізімін бекітті. Мәселен, №3 және №6 қазандық агрегаттары күрделі жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек №5 қазандықтың қондырғысына автоматтандырылған жүйені енгізу және электр жабдықтарын жаңарту жұмыстары жүзеге асырылады. Сондай-ақ жылу желілерінің 5 және 9 шақырымы жөнделеді.