«Таза Қазақстан» акциясы Өскеменде де ұйымдастырылды. Шараға Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының креативті индустрияны дамыту бөлімі мен жастар ресурстық орталығы қызметкерлері қатысты.
«Таза Қазақстан» - еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ауқымды бастама. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акция туған өлкенің тазалығы мен сұлулығын сақтау үндейді. Бұл жолы Өскемен жастары мен белсенділері, өнер майталмандары облыстық филармония аумағын қоқыстан тазартты.
Шараға қатысушылар аумақты тазалап қана қоймай, облыстың мәдени кеңістігін дамытуға үлес қосты. Сенбіліктің ерекшелігі – еріктілер көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерін тыңдай жүріп, ауланы тазартты.
Тазалық – тек аумақты жинау емес, бұл – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. «Көктем әуені» сенбілігі өскемендік жастардың белсенділігін, ортақ іске деген ынтасын көрсетті. Табиғатты аялауға бағытталған мұндай шаралар шаһар мәдениетін арттырып, тұрғындар арасында экологиялық сананы қалыптастыруға ықпал етеді.