«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры да облыс орталығында волейбол турнирі ұйымдастырды.

Дәстүрге айналған сайысқа елдің әр өңірінен келген 12 команда қатысты. Тартысқа толы дода жайлы әріптесім тарқатсын.

Жарысқа Алматы, Ақтөбе, Арыс, Екібастұз, Семей, Повладар, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған, Өскемен «Білім Инновация» және Астана, өскемендегі «Нұрода» мектеп лицейлерінің оқушылары қатысты.

Волейбол турнирі екі күнге созылды. Доп додасы жанкүйерлер мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйлады. Шараның мақсаты - елдегі волейбол спортын насихаттау, жастардың шеберліктерін шыңдау.

Жарыс қортындысы бойынша үшінші орын Қарағанды мен Талдықорған командаларына бұйырды. Алматылықтар екінші орынға жайғасты. Ал, Ақтөбе құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Үздік ойын өрнегімен көзге түскендер «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қорғаушы» сынды номинациялармен марапатталды.