Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де ғылым апталығы аясында «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты конференция өтті. Профессор Жеңіс Оразханұлы Құлсейітовтың 80 жылдығына арналған шараға шығысқазақстандық жас ғалымдар қатысты.
Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған ғылыми-техникалық конференцияға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Ол Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің жас ғалымдарымен кездесіп, өнертапқыштардың жобаларымен танысты. Аймақ басшысы конференцияға қатысушыларды құттықтап, бірқатар ғалымдарға алғыс хат табыстады.
Конференцияның мақсаты – жастарға жан-жақты қолдау көрсету, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, білім мен тәжірибе алмасу. Жас ғалымдарды қолдау – болашаққа жасалған инвестиция. Мемлекет тарапынан өнерпатқыштарға қолдау көп, өз жобасын сәтті қорғап шыққан ғалымдар қаржылай көмек қарастырылған.
Бүгінгі конференцияда жас ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі мен зерттеулері кеңінен көрініс тапты. Олар тек теориямен шектелмей, нақты жобалар арқылы елдің инновациялық дамуына үлес қосып келеді.
Жас ғалымдардың бастамалары ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Мұндай жобалар Қазақстанның инновациялық дамуына жаңа серпін береді. Ал жас ғалымдарға жасалған қолдау – олардың табысты болашағына берілген сенім.