Бүкіләлемдік құстарды қорғау күніне орай аймақта ерекше экологиялық шара өтті. Глубокое ауданына қарасты Тархан орманшаруашылығы аумағында құстарға арнап ұя мен жемсауыт орнатылды. Шараны Өскемен қалалық білім бөліміне қарасты «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» ұйымдастырды.
ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бұл бастама – өңірдегі құс түрлерінің санын сақтап қалуға бағытталған. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға табиғатты қорғау мекемелері мен бірқатар қоғамдық ұйымдар атсалысты. Құстарға арналған ұялар мен жемсалғыштар Үлбі өзенінің жағасындағы орман алқабына орналастырылды.
Шығыс Қазақстанда 300-ден астам құс түрі мекен етеді. Соңғы 30 жылда олардың 19 түрі жойылып кеткен. Кезінде кең таралған құстардың бүгінде сирек кездесуі – экологиялық тепе-теңдіктің бұзылғанын аңғартады. Сондықтан табиғатты аялауға бағытталған бастамалар өңір экологиясы үшін аса маңызды.