Елімізде педиатр-дәрігер жетіспейді.Тек Шығыс Қазақстан облысындағы алыс аудандарды айтпағанда Өскемен, Риддер, Алтай сияқты ірі қалалардың өзінде балалар дәрігері жоқ. Ал жыл сайын медициналық жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандар әлі де аздық етіп отыр.Саладағы түйіткілді мәселенің түйіні неде? 

Ардақ Бітімбаева шығыстағы ең шалғайдағы 4 ауылдың халқына медициналық қызмет көрсетеді. Негізгі қызметі учаскелік медбике болса да, басы аурып, балтыр сыздаған науқастардың шақыруына жыл он екі ай, күн-түн демей баруға міндетті. Өйткені қарамағындағы ауылдарда басқа дәрігер жоқ.

Үйренбеске болмайды.Өйткені адам саны аз ауылдарда дәрігер қарастырылмайды. Заң солай. Ал шекарада қоныстанған Марқакөл ауданындағы кейбір ауылдарда тіпті медициналық кабинет жоқ.

Елу жыл педиатр болған - Күлнәзи Шәріпова бұл мамандық ерекше маңызға ие екенін айтады.Өйткені ұрпақтың саулығы ұлттың саулығы. Ал дені сау ұрпақ ұлт болашағы.

Семей медициналық университетін жыл сайын ең көп дегенде 15 педиатр тәмамдайды. Жас мамандар Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарынан аспайды. Ал бала дәрігерінің қазір неліктен жетіспейтінінің өзіндік себебі бар.

Тоғыз жыл оқып толық білім алған жас мамандардың көбі алыс ауылдарға баруға құлықты емес.Өйткені облыстық ауруханалардың өзінде бала дәрігері жетіспейді.Қазір тек шығыста10 педиатрдың орны бос тұр. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауыл, аудандарға барғысы келетін мамандарды баспанмен қамтып, 8 миллион теңге бір реттік көтермеақы беруге де дайын.