Күршім ауданында инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың аясында әлеуметтік нысандар салынып, кәсіпкерлер тың бастаманы іске асырып келеді. Бұл Күршімдегі ағайынның әл-ауқатын жақсартуға жасалған нақты қадам.

Күршім ауданында іске асырылып жатқан бастамалар ауқымды. Әр салаға тың серпін беретін жобалар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Мәселен, Бірлік ауылында 50 орындық мектептің құрылысы бекітілген кестеге сай, қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал, ескі ғимарат болашақта мәдениет үйіне айналмақ.

РИНАТ НҰРБЕКҰЛЫ, БІРЛІК НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл мектептің ерекшелігі біріншіден жаңа мектеп. Заман талабына сай. Мұнда спорт зал мен мини центр бар. Ал біздің ескі мектеп 1965 жылы қолданысқа берілген. Ол бейімді мектеп. Онда спорт зал мен шағын орталық болмады. Енді биылғы жылдан бастап қыргүйекте 40 оқушы келгейі отыр. Сонымен қатар шағын орталыққа 15 оқушы. Сонымен 15 оқушымен биылғы оқу жылын бастағайы отырмыз.

Барақ батыр ауылында тұрғындарды сапалы әрі таза ауызсумен қамту жұмыстары жүргізіліуде. Алдағы уақытта «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 400-ден астам азамат тіршілік нәрімен қамтылады. Жобаны іске асыруға 742 млн. теңге тартылған.

СҰҢҒАТ ТӘУЕКЕЛ, «СКБ Констракшн» ЖШС ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

2024 жылдың жаз айында бастадық. 2025 тің тамыз айында аяқтаймыз. Біз ауылдық округты ауыз сумен қамтамасыз етеміз. Бізде жүріп жатқан жұмыстардың 85 пайызы бітіп тұр. Бізде екі 35 және 27 метр тереңдікте глубинный насос орнатылды. Одан кейін басты насос фильтірімен. Ауылдың ішінде 60 пайыз құбыр тарту жұмыстары бітіп тұр. Үш шақырым қалды. Тамыз айында тапсырамыз. 60 колодец орнатылды. 80 колодес іске қосылып тұр. Қалған 47-сі пожарный гидрант.

Ауданда атқарылып жатқан бастамалар легі мұнымен аяқталмақ емес. Іске асқан игі шаралардың бірі күршімдегі жылыту қазандығының құрылысы. Жаңа нысанның қуаты 7,5 гигакалорияға жеткізілмек. Қазіргі таңда бес қазандықтың үшеуі орнатылып, екі шақырымға жуық жылу жүйесі тартылды. Бұл жалпы жұмыстың 80 пайызын құрайды.

САМАЛ ӘСКЕРКЕЛДІҚЫЗЫ, КҮРШІМ АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҮКШ, ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А. :

Бүгінгі күнде төрт қазандық жұмыс істеп тұр. Мынау бізде бесіншы жылу қазандығы болып есептеледі. Орталықтандырылған жылу жүйесіне бұл қазандық 35 жылдан кейін қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Жоба құны 333 млн 800 мың теңге және жылу жүйелерінің жобасы 240 млн 700 мың теңгеге бағаланған.

Бұдан бөлек, аудан орталығында айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда 10 шақырымды құрайтын күре жолдың негізгі қабаты төселді. Қос жолақты айналма жол Зайсан мен Марқакөлді бет алған көлік ағынын төмендетуге сеп болмақ.


НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ