«Бір тіл білсең - бір адамсың, екі тіл білсең - екі адамсың». Көп тілді меңгергеннің білімі мен дүниетанымы да кеңейе түсетіні рас. Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында бұл бағытта ауқымды жобалар қолға алынған. Заманауи жабдықтармен қамтылған орталықтың әлеуеті зор. Мұндағы сабақ беру тәсілдері де ерекше. Рет – ретімен сюжеттен көрелік.
Орталықтың мақсаты – аймақ тұрғындарына заманауи технологияларды қолдана отырып тіл үйрету. Өңірдің 18 жастан асқан кез-келген азаматы лингвистикалық орталыққа жүгіне алады. Білім беру мекемесінің жұмысын жандандыру үшін цифрлық платформаларда іске қосылған. Олардың қатарында «Tilalemi.kz», « Sozdikqor.kz», «Termincom.kz», « Emle.kz» сынды сайттар бар. Осы арқылы тәлім алушылар оқу, жазу және айту дағдыларын оңтайлы онлайн-форматта үйрене алады.
Ырысты Райханқызы, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары:
Қазақ тілін үйренуге арналған платформалар мен мобильдік қосымшаларды тиімді пайдалану аса маңызды. өйткені платформалардың өте үлкен артықшылықтары бар. Біріншіден қол жетімді. Екіншіден пайдаланудың қарапайымдылығы, жоғары өнім. Тілді үйрену үлкен қажеттілік. Тілді үйренуге үлкен күш жігер керек. Оны қолданған кезде алдымызда отырған тыңдаушымыз біздің оқытушының сөзін бірден ұғатындай қажеттілікті біз арттырып береміз.Орталықта қазіргі таңда 4 оқытушымыз мемлекеттік тілде оқытса, екі оқытушымыз ағылшын тілін курстарын тәмәмдады. Енді 407 адам мемлекеттік тілді тәмәмдады, 290 адам тыңдаушымыз ағылшын тілін тәмәмдады.
Орталықта тілдік лагерь де жұмыс істейді. Мұнда балалар қазақ тілін меңгеріп, мемлекеттік тілде өзара пікір алмасып, тәжірибе жинақтайды. 2024-2025 оқу жылында білім беру мекемесіне 697 адам жүгінген. Тіл үйренемін дейтін аймақ тұрғындары үшін орталықтың есігі әрдайым ашық. Мұнда сабақ аптасына екі рет қазан-маусым айы соңына дейін өтеді.
ГҮЛДАНА АЙДАРҚЫЗЫ