Облыс орталығында қолөнер шеберлерінің шығармашылық фестивалі өтті. «Шығыс кәдесыйы» атты шараға өңірдің әр түкпірінен келген 50-ден астам қолөнер шебері қатысып, ұлттық нақыштағы туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
Қолөнер – шебердің жан әлемін ашатын терең өнер. Әр бұйымда ерекше мән, терең ой бар. Заманауи технология қарыштаған заманда мұндай қолданбалы өнер туындылары бұрынғыдан да қымбатқа бағаланады. Жыл сайын қатысушылар қатары артып, түрлі аймақтан келген қолөнер шеберлері тәжірибе алмасуда.
Раиса Мұхамеджанова, ШҚО қолөнершілер ресурстық орталығының жетекшісі:
Бізде сондай мереке, біз жылда өткіземіз осы мерекелік шараларды. Сондықтан жас бойынша біз барлықтарына звондап,шақырып отырмыз. Келіңіздер, келіңіздер сіздер барлығын білесіздер, қандай бізде сондай шаралар өтеді. Қатысыңыздар, көбі бізге қатысып келіп жатыр.
Қөлөнер шебері Ділнұр Исмаилова фестивальге Тарбағатай ауданынан келген. Сәндік қолданбалы өнерді жанына серік еткен бұрымды, бес жылдан бері шиден туынды жасайды. Шараға шым-ши техникасы арқылы жасалған ерекше жұмыстарын алып келген.
Ділнұр Исмаилова, қолөнер шебері:
Әрбір жұмыстың өзіндік қиындығы бар. Бұл жұмыстың ең қиыны – шиді нақтылап сызыққа келтіріп отыру. Қате кетсең, жұмысты қайтадан шешіп, қайтадан бастауың керек болады. Сондықтанда ұқыптылықты, шыдамдылықты, төзімділікті қажет ететін жұмыс. Дала шиі – даладан арнайы теріп аламыз. Және арнайы боялған арнайы жүндер. Осы екі жұмыс және «ПВА» клейді пайдалана отырып, әр жұмысты орап тоқып осындай жұмыстар шығарамын.
Киізден тігілген бас киімдер, тоқылған кілемшелер, көздің жауын алатын керамика – барлығы ұлттық нақыш пен қазіргі заманның үйлесімінен туған туындылар. Қолмен жасалған бұйымдар - қазақы рухтың бейнесі.
Аслан Қыдырханов, зергер:
Зергерлікпен айналысамын, біраз уақыт болды. Әкелерімнен келе жатқан өнердің түрі. Әкелерімнен алып қалған өнір. Негізгі бағыт қазақи нақышта, ұлттық нақышта жасаймын. Бұйымдарды ою-өрнекпен қазіргі заманнның талабына сай, заман стиліне сай қылып, қазақтың ою-өрнегімен сәйкестендіріп жасап жүрмін.
Байқау бірнеше номинация бойынша өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Дидар Ерболатқызы