Тарбағатай ауданының орталығы Ақжарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда ауылдағы абаттандыру жұмысы қызып тұр. Атап айтқанда, сенбіліктер ұйымдастырылып, саябақтар ретке келтіріліп жатыр. Көшелер жарықтандырылып, жолдар жөнделуде. Абаттандыру жұмыстарын іске асыруда ауылдағы ағайынның талап-тілегі басты назарға алынған.

Ақжардағы абаттандыру жұмыстары бір мезетте бірнеше нысанда жүріп жатыр. Ауыл ішіндегі көшелерге асфальт төселуде. Соның бірі - «Қазақтелеком» АҚ ғимараты. Мердігерлер жол жабынын бекітілген талапқа сай етіп, төсеп жатыр.

Бауыржан Рахметов, мердігер:

Көшені абаттандыру жұмыстары, асфальт төсеп жатырмыз. Осы «Телеком» алдына арнайы бөлінгенін қазір орындап жатырмыз. Қалыңдығы төрт сантиметр, стандартқа сай асфальт жабындысын төсеп жатырмыз. Бізде асфальт укладчик екі поток, алты самосвал, асфальт зауыт жұмыс істеп жатыр. Дробильно-сортировочная установка да жұмыс істеп жатыр.

Бұдан бөлек, ауылдағы бірнеше әлеуметтік нысан жаңартылуда. «Бәйтерек» монументі, «Ақжар» аллеясы тұрғындардың негізгі демалыс орны. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында футбол алаңы салынуда.

Ернар Серікболсынов, Ақжар ауылдық округі әкімінің орынбасары:

Абаттандыру жұмыстары бізде жыл көлемінде жүргізілуде. Біз қыста да, жазда да Президентіміздің бастамасымен «Таза Қзаақстан» бағдарламасы аясында бізде үнемі абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта гүл егу, гүл суару сондай жұмыстар көп атқарылуда. «Жасыл ел» жастарының көмегі көп тиюде бізге.

Ақжарлықтардың айтуынша, ауылдың жаңа келбеті көз қуантады. Ретке келтірілген жолдар мен жаңа ойын алаңдары әсіресе, балалар мен жастар үшін үлкен қуаныш. Жергілікті билік өкілдері абаттандыру жұмыстары келер жылы да жалғасатынын айтады.


Кәусар Идаятқызы