Аймақта жастар арасындағы нашақорлық пен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері 70 мыңнан астам жасөспірім түрлі профилактикалық шараларға қатысқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.
Профилактикалық шаралар кешені аясында рейд, спорттық жарыс, флешмоб және челлендждер ұйымдастырылды. Мамандардың айтуынша, тек құқық қорғау органдары ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері және жастар ұйымдары да бұл іске белсенді атсалысып отыр. Жыл басынан бері аймақта «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында жүзден астам есірткі жарнамасы бар граффити өшірілді. Кинолог мамандардың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу орындарында есірткінің зияны туралы дәрістер өтті.
Дархан Бұланов, Өскемен қаласы ПБ ЖПҚ бөлім бастығы:
Полиция қызметкерлерімен жасөспірімдердің қылмыстары мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша комплексті жұмыс жалғасуда. Бізбен бірге жергілікті орындаушы органдар, прокуратура органдары, білім беру және денсаулық сақтау органдарының қызметі жасауда. Соның нәтижесінде 4000-ға жуық мектептерде және білім беру орындарында дәрісьер өткізілді. 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды. Екі жүз жеті бала оңалту орындарына жөнелтілді. Оннан жоғары жедел прафилактикалық шаралар өткізілді.
Бірақ, атқарлыған жұмыстарға қарамастан қылмыс саны төмендемей тұр. Әсіресе ұрлық жасау фактісі бойынша тіркелген қылмыстар саны көп.
Айдос Әділбекұлы, Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:
Мемлекет басшысы атап өткен заң мен тәртіп идеологиясын жастарға насихаттау мақсатында «стоп есірткі» жобасы жүзеге асырылуда. «Есірткіге жол жоқ» акциялары аясында 50-ден аса шара ұйымдастырылды. ЖОО С.Аманжолов атындағы ШҚУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында есірткіге жол жоқ профилактикалық жұмыстары жүзеге асырылып, кинолог мамандар тартылған болатын. Бұдан бөлек,100-ден аса графитти жазулар өшірілді.
Мамандардың айтуынша, нашақорлық және лудоманиямен күрес тек заң арқылы емес, жастардың санасын өзгерту, дұрыс ақпарат беру арқылы жүзеге аспақ. Сол үшін аймақта тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны ашылды.
Бақытжан Ербол, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты:
Өздеріңіз білесіздер, бізде қалада 14 жастар ұйымы бар. Осы жастар ұйымдарының барлық күші есірткі бизнесі болсын, лудомания болсын, осы мәселемен ғана күреспей оның алдын алу шарасымен біз жұмыс жасауымыз керек. Сол себепті есірткіге бейім тұлғаларды ерте анықтау күшейтілген болатын. Оның ішінде бізде полиция депатраменті жанынан өңірлік кеңес құрылды. Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен алдын алу жұмыстарына нарколог, психолог дәрігерлердің сенім телефоны жұмыс жасайды.
Жастар арасындағы нашақорлық пен құмар ойындардың алдын алу – қоғам алдындағы маңызды міндет. Әзірге статистика оң нәтиже көрсетпегенімен, қолға алынған шаралар болашақта өз жемісін бермек.
Салтанат Кеңесбекқызы