Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайында көрермендер назарына «Күйеу бала на прокат» комедиялық қойылымы ұсынылды. Қойылым көптің көңілінен шықты. Зал толы болды. Жеңіл сюжетке құрылған көріністен кейіпкерлердің шынайылығы, өзара тілдесулері, актерлердің автордың идеясын айна-қатесіз жеткізді. Сахнадағы картина келушілердің жүзіне күлкі ұялатып, ерекше әсер сыйлады.

«Күйеу бала на прокат» қойылымы бір шаңырақ астында тұрып жатқан тілі мен діні бөлек ұлттардың достығын паш етеді. Комедия жанрына негізделген қойылымның актерлерінің де жас ерекшеліктері әртүрлі. Мектеп оқушылары мен студенттер. Олар өздеріне қойған мақсатты, берілген рөлді ойдағыдай сахнада алып шықты.

Айдана Төлеубекова, «ТЕАТРALL» Ассамблея жастар театрының актері:

Неге біз осы мақсатта қойып жатырмыз. Өзге ұлт өкілдерін сипаттау. Біздің мақсатымыз сол жайында айтылған. Өте жақсы. Жоғары деңгейде дайындалдық. Қазір келіп жатқан өзге ұлт өкілдері бар. Көретін көрермендеріміз де бар. Қойып жатқан спекткальді сол арқылы жеткіземіз ол адамдарға да.

«Күйеу бала на прокат» қойылымы жиналғандардың көңілінен шықты. Оны залға лық толған көрермен ықылысынан байқауға болады.

Театр ұжымы түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы. Олардың репертуарында «Көк Бөрі», «Елес Сұлулық», «Жетімдер, «Жұт» тарихи драмасы сияқты бірнеше қойылымдар бар.

Үкіләй Тұрарбек, «ТЕАТРALL» Ассамблея жастар театрының көркемдік жетекшісі :

Қазіргі таңда қоржынымызда 10 аса спектакль бар. Комедия жанрынан, трагеди комедия және драма жағынан әртүрлі жанрдағы спектакль бар. Бұл «Күйеу бала на прокат» ассамблея театры болғандықтан өзге ұлт өкілдері выступать етеді. Олар өзіміздің актерлеріміз. Өзге тілде сөйлеп, өзге костюм киіп, өздерін көрсетеді.

Өнер арқылы қоғамда бар мәселені көрерменге жеткізе білген жастар театры әлі де талай қойылымдарымен көптің көңілінен шығатыны анық.

Салтанат Кеңесбекқызы