Облыс орталығындағы № 8 арнайы мектеп-интернатта заманауи технология кабинеті ашылды. Мұнда оқушыларға барлық жағдай қарастырылған. Енді балалар шеберханада кесте тігіп, тоқыма тоқумен емін – еркін айналыса алады. Қыздар ою – өрнекті ойса, ұлдар ағаш жонады. Бұл игі шараға мұрындық болған «Казцинк» ЖШС.

Технология кабинеттері соңғы үлгідегі құрал-саймандармен толыққан. Заманауи жабдықтардың арасында компьютерлендірілген тігін машиналары, дәнекерлеу жұмыстарына арналған жиынтықтар бар. Мұның барлығы білім алушылар үшін.

Меруерт Түрекенова, № 8 арнайы мектеп-интернаты директорының м.а:

Шеберхана биылғы оқу жылында толық жөндеуден өтіп, заманауи біздің балларымызға қажетті оқу құралдармен жабдықталды. Осы қойылған әрбір станоктармен әрбір қойылған тігін машинкалармен жұмыс жасап келешекте өздерін осы мамандық иесі болуға осы жерден білім алып шығады деген ойдамыз.

Шеберханаларда жұмыс қызу. Оқушылар да бұл өзгеріске дән риза. Білімге деген құштарлығымыз артты дейді.

Дмитрий Долголёв, мектеп оқушысы:

Бізде жаңадан кабинет ашылды. Жаңа құралдар келді. Енді мұнда түрлі дүниелерді үйренетін боламыз. Қауіпсіздік техникасында ұмытпаймыз. Оны міндетті түрде сақтау керек.

Енді балалар заманауи шеберханаларда білім алып, өздерінің шеберліктерін дамытып, жетілдіре алады. Бұл сабақтар олардың көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, өмірде қажет болатын дағдыларды үйретеді.

Андрей Лазарев, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры:

Менің ойымша, балалар бұл сабақтарда құралдарды дұрыс қолдануды үйренеді. Бұл өмірде міндетті түрде қажет болады. Біреулер үшін болашақ мамандықты таңдауға әсер етуі мүмкін, ал біреулерге келешекте қолғабыс тигізеді. Өйткені, әрқайсысының өз отбасы болады, ал отбасы болған соң, жеке өзің жұмыс істейтін сәттер көп болады.

«Казцинк» ЖШС арнайы мектеп-интернаттың сенімді серіктесі болып қала бермек. Бұл жолы оқу кабинеттерін жабдықтауға шамамен 24 миллион теңге бөлінді.

Жанғазы Әліпбаев, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

«Казцинк» сонымен қатар Мейірім акциясына қатысады. Бұның ішінде 20 дан астам балаға 12 млн теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар колледж оқушыларын бітіріп шыққан жұмысқа орналасу мәселесімен айналысады. Казцинк компаниясына біз өте алғысым шексіз. Бүгінгі мынау мектеп интернатқа көрсетіп жатқан көмегін өздеріңіз көргендей 3 мастерской жабдықталған. Оның өзіне 20 млн артық қаражат бөлінген ремонт жасалған, жабдықталған.

Жаңа шеберханалар балалар үшін тек кесте тігу, тоқу немесе ағашпен жұмыс істеуді үйрену ғана емес, өз әлеуетін ашуға, ойындағы идеяларын шығармашылық арқылы жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік бермек.

Фатима Тілейханқызы, Гүлдана Айдарқызы