Өскеменде нашақорлықпен күреске бағытталған акция ұйымдастырылды. Өңірдің белсенді жастары мен еріктілер мемлекеттік орган өкілдері бірігіп, зиянды әдетке үгіттейтін жарнамадан қаладағы нысандарды тазартты.

Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жұмыстары облыс орталығында жалғасып жатыр. Бұл жолы Өскемендегі Шәкәрім даңғылына жиналғандар граффити мен жапсырмаларды өшірді. Жастар осылайша қоғамға үн қосты.

Айдос Әділбеков, Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:

Бізде нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаның аясында, жалпы «Есіркізсіз Қазақстан» жобасының аясында біз облыстық прокаратура, сонымен қатар жаңағы нашақорлықтың алдын алу басқармасымен, полиция депортаменті жанындағы басқармасымен бірлесе отырып өзіміздің волонтерларымызбен бірлесіп жаңағы рейдтік жұмыстар жүргізудеміз. Бұл рейдтік жұмыстар дәстүрлі түрде ұйымдаствырылады. Бұл тек қан облыс орталығында емес барлық қала, аудандарда жүзеге асырылатын жоба.

Қазіргі таңда өңірде нашақорлықпен күрес шаралары күшейтілген. Басты назарда жастар мен жасөспірімдер. Бұл жолы ұйымдастырылған шараның мақсаты – қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Ляйля Төлеубекова, «Қазақстан студенттерінің альянсы» РСҚ ШҚОФ төрағасы:

Осы рейдтерді біз апта сайын, әр сені сайын өткізіп жүрміз. Ол рейдтер бізде нашақорлыққа қарсы бағытталған. Осы наркограффитилерді бұғаттап, сол telegram канал, наркошоптарды бұғаттап, блокқа саламыз. Рейдтермен қоса біз студенттермен бірге кездесу ұйымдастырып жүрміз, профилактикалық жұмыстар ретінде.

Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.

Талант Тұрсынов