Аймақта «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі жобалар іске асырылуда. Мәселен, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің қабырғасында есірткіні қолдану, сақтау және таратудың құқықтық салдарына арналған сот процесі өтті. Шараға мұрындық болған «Антарес А» қоғамдық қоры, жастар ресурстық орталығы мен облыстық прокуратура өкілдері.
Шараның мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Студенттер арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастырып, есірткі құралдарын тұтынудың зардабын насихаттау. Мамандар мұндай басқосулардың пайдасы мол екендігін айтады.
Шәкәрім Құдайбергенов, Облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
Шараның негізі мақсаты жастарды нашақорлықтың алдын алу. Жастар нашақорлық, психатропты заттармен байланысқан жағдайда құқықтық салдары қандай сот процесі қалай жүргізіледі жастарға соны түсіндіру мақсатында негізгі мақсат. Бүінгі өткізіліп отырған көрнекті соттың негізгі қонақтары ШҚО прокуратурасының аға прокуроры Хайдаров Қайырбек мырза.
Сот процесіне облыстық прокуратура мамандары, Өскемен қаласы ауданаралық қылмыстық сотының өкілдері мен адвокаттар алқасының мүшелері қатысты. Студенттер шарада белсенділік танытты. Олар сала мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Назерке Рахымбаева, ЖОО студенті:
Болашақта жастардың болашағы ешқашан елді алаңдатпай қоймаған. Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жолдауында айтып кеткендей болашақ жастарда. Біз өзіміздің болашағымызды жарқын әрі жарқын көрсетуіміз керек. Жастардың есеңгірететін заттарды қазіргі таңда қолданылатындығы өтірік емес. Мұны алдын – алу керек.
Мұндай форматтағы шаралар жастардың өз денсаулығы мен болашағына оң ықпал етпек. Бұл бастама қауіпсіз әрі салауатты қоғам құруға бағытталған нақты қадам.
Қымбат Иманғали, Гүлдана Айдарқызы, Мирас Сабитпеков