Риддер қаласында ұлттық спортты дамытуға бағытталған оқу-жаттығу жиындары өтті. Шара барысында көкпар, асық ату, аударыспақ, садақ ату және арқан тартыс сияқты дәстүрлі ойындар көпшілік назарына ұсынылды.

Жиынның мақсаты - жастарды ата-баба дәстүрімен жақын таныстырып қана қоймай, олардың шеберлігін ұштап, ынтымақ пен бірлікке баулу. Ал көкпар ойыны осы шараның шоқтығын биіктетіп, жастарға нағыз ұлттық ойынның қуатын сезіндірді.

Еркебұлан Төлеуханов, спортшы:

Бүгінгі жаттығу процесі болып жатыр. Асық ату, садақ ату, арқан тартыс, көкпар ойындары, и аударыспақ ойындарын өткізіп жатырмыз.

Ислам Болатұлы, спортшы:

Ұлттық ойын енді барлығымызға жақсы өтіп жатыр. Барлығымызға маңызды. Өзім 1 жылдың көлемінде осы аударыспақмен айналысқаныма.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан кейін арқан тартысқа қызығушылық ерекше артты. Риддерде құрылған команда аз уақыт ішінде өңірлік және республикалық жарыстарда топ жарып үлгерді. Жалпы қалада ұлттық спортты жаңғыртуға айрықша мән беріліп, жастар көкпар, садақ ату, арқан тартыс пен аударыспаққа белсене қатысып жүр.

Әділ Жұмағалиев, дене шынықтыру пәні мұғалімі:

Арқан тартыс спортымен айналысамыз. Біздің Риддер қаласында ұлттық спорт түрлері дамыған. Соның ішінде арқан тартыс спортна келетін болсақ қарқынды түрде дамып келеді. 2024 жылы біздің Елордада Астана қаласында өткен көшпенделер ойынынан кейін қарқынды арқан тартыс дамып келеді. Оған дәлел арқан тартыс құрама командасы. Бірнеше дүркін орындарға ие болды.

Риддерде ұлттық спорттың дамуы - ата-баба аманатын ардақтау мен жас ұрпаққа рух беру жолындағы жарқын қадам.

Гүлдана Айдарқызы, Бекарыс Секен