Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы қала тұрғындарын сапалы өнім, қолжетімді бағамен Глубокое ауданы қуантты. Қызу сауда ортасында әріптестерім де болып қайтты.
Шаруалар қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі тағамдар ұсынды. Бұл күні сөрелер табиғи өнімге толды. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ернар Қапатаевтың айтуынша, сатылған өнім бағасы базардағыдан 9%-дан 37%-ға дейін төмен.
Ернар Қапатаев, Глубокое аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Картоп бір тоннадан артық, сүт өнімдері 200 л артық, шұжық өнімдері бар жарты тоннаға жуық, ет өнімдері жалпы қосқан кезде қой, жылқы, сиыр етін қосқан кезде 10 тоннадан артық ет өнімдері. Облыс ұсынған баға бар бізде олар мониторинг жасайды нарыққа. Бізге баға береді ұсынылған баға береді.
Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай шараларды өткізу, тауар өндірушіге де, тұтынушыға да тиімді. Бірқатары жәрмеңкеге ірі қараның еті мен ақ тағамдарды саудаға қойған.
Айгүл Екібасова, жеке кәсіпкер:
Осы жәрмеңкеге шығып жүрміз міне үшінші рет. Өз малымызбен. Енді баға жәрмеңкеде қолжетімді халықтарға. Бағалары 3500 ден. 3500 ден төмен. Жеке жеке алса 3600, сан етіне төс қосылады, қабырға қосылады, мойын қосылады деген сияқты. Сондай бағамен сатамыз енді.
Жәрмеңкеге келген жұрттың қарасы қалың. Қала тұрғындары сенбіні асыға күтетіндерін айтып, мұндағы төмен бағаға дән риза екендіктерін жеткізді.
Бұдан бөлек, жәрмеңке барысында Глубокое ауданынан келген шығармашылық ұжым концерт қойып, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Гүлдана Айдарқызы