Әлемдегі уранның 40 пайызы Қазақстанда өндірледі. Ал табиғи қоры жағынан Австралиядан кейін екінші орында. Дүниежүзі бойынша барланған кен орындарының 13 пайызына иелік етеді. Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында уран таблеткаларын шығарудың толық жүйесі іске қосылған. Қазақстан атом электр станциясын салуға дайындалып жатқан кезеңде, елдегі мұндай жоғары технологиялық өндірістердің мүмкіндіктерін көрсету маңызды. Осы мақсатта, аталған зауытта БАҚ өкілдеріне пресс-тур ұйымдастырылды. Шарада кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері таныстырылып, технологиялық үдерістің бастапқы кезеңнен дайын өнімге дейінгі барысы көрсетілді.

ҮМЗ мен «Ульба-ТВС» ЖШС жылу бөлгіш жинақтарды ғана емес, олардың негізгі компоненттерін, соның ішінде отын таблеткаларын да өндіреді. Өндіріс процессі барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылған.

Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ басқарма төрағасы:

Мұнда әлемдік сұранысқа ие отын таблеткаларымен атом станцияларына арналған жылу бөлетін құрамалар шығарылады. Бұл өнімдер тікелей шетелдік АЭС терге тасымалданады. Осы инновациялық өндірістің іске қосылуы еліміз үшін ядролық отын шығаратын санаулы елдердің қатарына қосты.

Журналистер атом электр станцияларында қолданылатын жылу бөлгіш жинақтардың негізгі элементі – отын таблеткаларын өндірудің толық үдерісімен танысты. Бүгінде кәсіпорында 4 000-нан астам азамат еңбек етеді.

Манарбек Қылышқанов, ғылыми орталықтың басшысы:

Осы өндірістік аймақта екі өндіріс орналасқан. Біріншісі Үлбі металлургия зауытының уран өндірісі. Ол жерде бізде табиғи уран концентратын тазалап, одан уран тотығын аламыз. Арықарай байытылған уран келеді бізге. Уран диаксиді тотығын алады да ұнтақ түрінде таблеткалар жасалады. Шығарылған таблеткалар кейін осы Үлбі ТВС мекемесіне беріледі де ядрлық отын дайындауға жіберіледі. Осы мекеменің уран бойынша өнімділігі жылына 200 тонна

Өндіріс орнын аралау барысында БАҚ өкілдері «ҮМЗ» АҚ-ның заманауи технологиялармен толық жабдықталғанын әрі жоғары сапалы ядролық отын компоненттерін шығаруды қамтамасыз ететін білікті мамандардың жұмысымен толық танысты.

Қымбат Иманғали