Облыс орталығында 2 желтоқсаннан бастап Белорусь өндірушілерінің аяқ киім жәрмеңкесі өтеді. Көрмеге табиғи былғарыдан жасалған, сапасы жоғары жаңа коллекция қойылған. Аяқ киімдердің арасында табан құрылымында ерекшелігі бар адамдарға арнайы жасалған үлгілері де бар. Бұдан бөлек, жәрмеңкеден Иваново тоқыма өнімдері, жастықтар, көрпелер және сапалы төсек-жабдықтары да табылады.

Сапа мен бағаның үйлесімділігін - белорустік аяқ киім мен сыртқы киім дүкенінен байқауға болады. Өнім ерлер мен әйелдерге арналған. Кеңесшілердің сөзінше, бәтеңкелер, етіктер кез келген бағада, сапада ұсынылған. Аяқ тамырларыңыз бен сүйектеріңізде мәселе болса да, аяқ киім таңдауы жетерлік.

Ирина Маслова, сату жөніндегі менеджер:

 «Біздің барлық аяқ киім ортопедиялық негіздегі, полиуретанды табанмен жасалған. Табаны таймайтын технологиясымен әзірленген. Әйелдерге арналған өлшемдер 36-дан 42-ге дейін, ерлерге арналғаны 40-тан 45-ке дейін. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдерге арналған нұсқаларымыз да бар. Бізде Иваново тоқыма өнімдері де ұсынылған: отбасылық өлшемге дейінгі төсек-жабдықтары бар. Әртүрлі жастықтар бар — түйе жүнінен және бамбук талшығынан жасалған. Өлшемі 70×70. Сонымен бірге әртүрлі көлемдегі көрпелер де бар: қаз қауырсынынан, түйе және қой жүнінен жасалған.

Тұрғындар белорусь өнімдерінің тауарларын қолжетімді бағамен 7 желтоқсанға дейін сатып ала алады. Жәрмеңке «Гостиный двор» сауда кешенінде, Қазақстан көшесі 159, 2-ші корпус мекенжайында орналасқан. Сауда алаңы күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді.

Бекарыс Секен