Шығыс Қазақстан облысында туризм саласына тек биыл 16 миллард теңгенің инвеститциясы салынды. Нәтижесінде аймақтағы туристер келетін бірқатар бағыттардың инфрақұрылымы реттелді. Биыл 366 мың турист келген. Шетелдіктерді тарихи орындар қызықтырса, өз еліміздің азаматтары шығыстың тұмса табиғатына тамсанады. Өңірдің қазіргі туристік әлеуетіне әріптесім шолу жасайды.
Шығыста туризімді дамыту үшін жан-жақты жоспар мен жоба жасалды. Негізгі бағыттар да айқындалды. Өңірде оған қажет су да, ну да бар. Соңғы жылдары әсіресе қысқы туризмінің әлеуеті әлденіп келеді.
Сымбат Рамазанов, Туристік сала сарапшысы:
Биылғы қысқы туристік маусымның ашылуына шет елдік қонақтар Германиядан келген сарапшы туристер өте қажет деп ойлаймын.Олар өздеріндегі жобаларды айтуы мүмін. Бізде қандай минустар бар.Қалай дамуымызды айтуы мүмкін деген сияқты.
Туризм саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер кез келген туристі қалаған бағыты бойынша алып жүріп қызмет көрсетуге дайын.
Александр Чиликин 2005-жылдан бері туризм саласында кәсіп етеді. Бүгінге дейін бірнеше демалыс нысаны мен шаңғы тебетіндер тауға көтерілетін қанатты жол салды. Кәсібін әлі де кеңейткісі келеді.
Александр Чиликин, Туристік нысан директоры:
Инвесторы не идет. Бұл салаға инвестор тарту әлі де үлкен мәселе. Өйткені біздің өңірдегі демалыс орындарының көбі орман қорының аумағында. Сондықтан шетелдіктер тәуекелге бармайды. Осы мәселе әлі де реттелмей келеді.
Реттеу үшін заңға өзгеріс керек. Соңғы 10 жылда туризм саласында еңбек етіп келе жатқан - Әйгерім Әбетжанованың айтуынша кәсіпкерлер бұл саланы әлі де маусымдық табысқа ғана айналдырып отыр. Ал елдегі демалыс орындары жыл он екі ай жұмыс істеуі керек. Туристердің келу саны жағынан Жетісу мен Алматы облысынан кейін Шығыс Қазақстан үшінші орында тұр.
Талғат Дәулетов, Облыстық туристік ақпарат орталығы басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда облыста 23 туристік аймақ айқындалды.Осы 2025-жылғы қортынды бойынша ең ірі жобалар ол Қатонқарағай ауданында Үлкен Нарын ауданында.
Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай және жоғары санатта қызмет көрсететін қонақ үйлер салынып жатыр. Осы нысандар пайдалануға берілген соң шығыстың туризмі жаңа деңгейге көтеріледі деген үміт бар.
Гүлдана Айдарқызы