ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Ұлықбек Тұмашинов Алтай ауданына барды. Сапардың мақсаты-аталған партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысын бақылау.

Депутаттардың жұмыс сапары Полянское ауылынан басталды. Мұнда ірі қара малға арналған тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді. «Мойылды -Байқоңыр» ЖШС қазіргі уақытта 80-нен аса адамды жұмыспен қамтыған. Зауыт жылына 6 мың тоннаға дейін сүт өндіруді жоспарлап отыр.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Міне осындай кәсіпорындар біздің Қазақстанның жалпы экономикасының дамуының негізігі драйвері.

Сапар ары қарай Алтай қаласында жалғасты. Мұнда депутаттар жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылады.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Шығыс Қазақстан дамуының динамикасы өте жақсы. Осы биыл аэропорт салынады. Аймақта ірі ірі инфрақұрылым жобалар жасалып жатыр. Бүгін Алтай ауданында сүт фермасы жұмыс орны, сонымен қатар ауданда үлкен салық төленетін болады.

Бұдан бөлек депутаттар қаланың орталық және батыс бөліктеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Аталған жоба «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында жүзеге асырылуда.

Бекарыс Секен