Бүгін облыстағы білім ошақтарында құқықтық тәртіп пен жауапкершілікті насихаттауға бағытталған «Заң мен тәртіп» айлығы басталды. Өскемендегі №48мектепте аталған шара аясында кездесу ұйымдастырылды. Оған 8–11-сынып оқушылары қатысты. Құқық қорғау органдары өкілдерімен өткен жиын «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде өтті.

Шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрметті қалыптастыру. Кездесу барысында оқушыларға кибербуллинг, интернет-алаяқтық, дропперлік әрекеттердің алдын алу жолдары түсіндірілді. Мамандар виртуалды кеңістіктегі қауіп-қатердің салдары заң алдында жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.

Шынар Мажинова, Өскемен қ. №48 мектеп-қосымша білім беру орталығының директоры:

Осы Заң және тәртіп қағидатының негізінде жергілікті заң өкілдерімен кездесу өткізілді. Оған барлық бірінші ауысымдағы оқушылар қатыстырылды. Енді ары қарай да осы бағдарламаны, айлықты іске асыру негізінде заң және тәртіп барлық сынып жетекшілері бізде бірінші сабақ сынып сағаттары қойылған сабақ кестесіне негізделген. Сондықтан да ары қарай да осы айлықты. Бүгінгі күні барлық оқушыларымызға болашақта қандай тұлға болу керек екені, қандай оқушы болу керек екені, болашақта қандай қызметкер болу керек екені толық қалыптастырылып айтылды деп білемін.

Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде кибер алаяқтыққа қатысты 1500-ден астам дерек тіркелген. Оның салдарынан облыс тұрғындарына 3 млрд. теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Құқық қорғау органдарының жедел шаралары нәтижесінде 100-ден астам қылмыс ашылып, 90 млн. теңгеге жуық қаржы қайтарылған. Шара барысында сала мамандары алаяқтардың құрбаны болмау жолдарын таныстырды.

Нұрай Арыстанбек, Облыстық ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

Мектеп оқушыларына жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Осы оқушылар арасында танымал арналады. Ол булинг және жалпы қоғамдық тәртіп. Және де интернет алаяқтық. Сонымен қатар қазіргі таңда танымал болып жатқан тақырыптардың бірі дроперлік мәселе. Сол бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Осы мәселелерге қатысты дайындаған материалдарымыз бар, Бейне роликтер бар Соларды балаларға көрсететін боламыз.

Заңды білу, өз құқығы мен міндетін түсіну – бүгінгі заман талабы. Оқушылар мұндай ашық диалогтың маңызы ерекше екенін атап өтті. Себебі, болашаққа қадам – мектеп қабырғасынан басталады. Қанаты әлі қатаймаған жас өрендер ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білім ошағының қабырғасынан үйренуде.

Мейір Жеңісұлы, мектеп оқушысы:

Біздің мектебімізде жарияланған болатын. Тәртіпке бағынған ел әрі қарай да дами береді деп ойлаймын.

Алтынжан Ерсайын, мектеп оқушысы:

Бұл өте маңызды кездесу болды. Оқушылар арасындағы мәселелер туралы білдім.

 «Заң мен тәртіп» айлығы облыстың барлық білім беру ұйымдарында 30 қаңтарға дейін жалғасады. Бастама аясында түрлі форматта кездесулер, ақпараттық-түсіндірме сабақтары мен профилактикалық шаралар өтеді.

Нұртас Қайролдаев