Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында елдің қорғаныс қабілеті мен әскердегі тәртіп мәселесіне ерекше назар аударды. Сарбаздардың қауіпсіздігі мен әскери қызметтің беделін арттыру – мемлекет үшін басым бағыт. Президент көтерген бұл мәселелер өңірлерде де нақты қолдау табуда.

Президент сұхбатында айтылған басты мәселелердің бірі – әскер қатарындағы тәртіп пен тәрбие. Бейбіт кезеңде сарбаздардың өмірі мен денсаулығы толық қорғалуы тиіс. Осы бағытта шығыстағы әскери құрылымдарда алдын алу және бақылау жұмыстары күшейтілген.

Нұрлан Кисенов, ҚР ҚК «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 ә/б командирінің орынбасары:

Бесінші қаңдарда жоғарғы бас қолбасшы «Turkistan» газетінің тілшісіне сұхбат берді. Ол сұхбатта мерзімді әскери қызметшілердің жарақат алуы мен қаза табуына байланысты үлкен сын айтты. Осы орайда біздің әскери бөлімде әскери прокуратура, әскери полиция қызметкерлеімен ұдайы алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар бізде арнайы алдын алу акабинеті бар әскери полиция бөлімінің. Ол кабинетке мерзімді әскери қызметшілер кіре алады. Әскери полиция қызметкерлерімен сұхбаттасу жүргізіледі. Яғни әскери қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша, Әскери бөлім психологтарымен ұдайы жұмыс жүргізіледі. Әр апта сайын жасырын сауалнама өткізіледіБұның барлығы мерзімді әскери қызметшілердің және келісімшартты әскери қызметшілердің арасында қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау бағытында жүргізіледі.

Мемлекет басшысы әскерді тек міндет емес, жастарды қалыптастыратын маңызды мектеп ретінде қарастыру қажет екенін атап өтті. Әскери борышын өтеген азаматтарға мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік қолдау тетіктері қарастырылған. Бұл бастамалар өңірде де кеңінен түсіндірілуде.Қарулы Күштерді жаңғырту мен әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Әскери мектептер желісін кеңейту арқылы болашақ офицерлерді ерте жастан даярлау көзделіп отыр. Бұл бастама кәсіби, тәртіпті әрі бәсекеге қабілетті армия қалыптастыруға бағытталған.

Нұртас Қайролдаев