Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы рухани мұраға айрықша тоқталды. Президенттің айтуынша, ұлы бабаларымыздың өсиеті тек мерейтойлар қарсаңында ғана емес, күнделікті өмірде де ұмыт қалмауы тиіс. Осы орайда Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бастама қазақ халқының рухани қазынасын әлемге кеңінен танытуға, ойшылдың мұрасын жаһандық деңгейде дәріптеуге жол ашпақ.
Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және Абай мұрасы – ұлт руханиятының мызғымас негізі. Бұл ілімдер бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан олардың мұрасын жан-жақты танытатын ғылыми жиындарды жүйелі түрде өткізу қажет. Ұлы ойшылдардың тағылымы өткен мен бүгінді жалғайтын рухани сабақтастықтың алтын өзегіне айналуы тиіс дейді, - Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай.
Әскерхан Ақтай, Өскемен қ. мәслихатының депутаты:
Қоғамдағы бірлікті, ынтымақты нығайтуға, мәдени құндылықтарымызды нығайтуға байланысты Мемлекет басшысы жалпы мәдениет саласына ерекше маңыз беріп отыр. Сол себепті, енді биылғы жиырма алтыншы жылдан жиырма жетінші жылдарда үлкен-үлкен мәдени ірі шаралар жүзеге асқалы отырғанын айтып өтті. Соның ішінде Алтай туралы үлкен халықаралық конференция өткіземіз деді. Мұның өзі біздің мемлекетіміздің әлеуетін, тарихи түркілерге ортақ үлкен қоныс екендігін бұрыңғы мәдениетімізді насихаттауда бір үлкен шара болады. Сонымен қатар, Абайдың қара сөздерін Юнескенің жадына қосамыз дейді. Бұл да енді Абайды таныту, Абай арқылы қазақ халқын таныту әлемге бұл да өте үлкен қадам, кезегі жеткен бұл келелі мәселелер ғой.
Гүлдана Айдарқызы