С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Open Day – Amanzholov University атты кәсіби бағдар беру шарасы өтті. Басқосу Өскемен қаласының 10–11 сынып оқушыларына арналды. Мұнда жастарға оқу орнының білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

Шараға 500- ге жуық оқушы қатысты. Ең алдымен болашақ түлектерге университет жайлы мағлұмат беретін көрме ұсынылды. Түрлі факультет өкілдері қатысушыларға оқуға түсу талаптары, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін атап өтті.

Арайлым Темірбекова, мектеп оқушысы:

Өскемен қаласының №42 мектебінде оқимын. 11 сынып оқушысымын. Болашақта архитектор мамандығына түскім келеді. Осындай шаралаға көптеп қатысамыз. Мектепте бізді жиі апарып тұрады. Болашақта осы Аманжолов университетіне түсу өзімнің пландарымда бар. Осындай шаралар мамандық таңдағанға өте көп көмек береді.

Аружан Ибраһимова, мектеп оқушысы:

Мен тарих мұғаімі боламын болашақта. Мен келгеніме өте қатты қуаныштымын. Мұнда көптеген экскурсиялар көп болды. Ұнады маған бәрі.

Ашық есік күнінде университет студенттері сахна төрінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушыларға осы кезеңнің қызықты шақтарын айтып, кәсіби дамуға арналған жобаларға тоқталды. Ал, ұстаздар қауымы жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына қолдау көрсетті.

Алмаш Кітапбаева, С.Аманжолов атындағы ШҚУ биология кафедрасының меңгерушісі:

Кәсіптік бағдар беру бұл тек қана оқушылардың өздері ғана таңдамайды. Оның ұстаздары ата – аналары да бірлесіп осы шешім шығарған дұрыс деп ойлаймын. Бала мамандық таңдау үшін ең алдымен ол өзіне сұрақ қоя білу керек. Баланың мамандық таңдауына ата – ана өзінің ойлаған арманын баланың арманымен араластырмаса деймін.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда он мыңнан астам студент білім алып жатыр. Жоғары колледжде жүйелі жұмыс істеп келеді.

Лейла Асылхан, С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледж оқытушысы:

Бізде педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша оқытылады. Біздің жаңадан ашылған мамандықтар да бар. Ол біздің өңірге қажетті мамандық бойынша. Бізде сапалы білім, жатақхана қарастырылған. Біздің артықшылығымыз осы университті қысқартылған оқу мерзімінде ешқандай ҰБТ тапсырмай ары қарай жалғастыруға болады біздің түлектерге.

Шара барысында «AI Lifehack Battle: ЖИ жоғары сынып оқушысына қалай көмектеседі» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар, кәсіптік бағдар берушілер мен мектеп директорлары құрметке ие болды.

Гүлдана Айдарқызы