Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда цифрландыру және жасанды интеллект тақырыбына ерекше тоқталып өтті. Президенттің айтуынша, Қазақстан цифрландыруды қарқынды дамыту және жасанды интеллектіні қоғамдық және жеке өмірдің барлық салаларына енгізу жолына түсті, бұл елге жаһандық цифрлық экономикаға кірігуге мүмкіндік береді. «Біз білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салатын болдық. Себебі, адами капиталдың сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет» деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде. Сондықтан цифрлық шешімдердің және жасанды интеллект технологиясының көмегімен барлық саладағы мемлекеттік басқару ісінің сапасын арттыруға мол мүмкіндік бар.
Соңғы жылдары Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіруде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 92%-дан астамы онлайн түрде қолжетімді. Азаматтар электронды қызметтерді портал мен мобильді қосымша арқылы белсенді пайдаланады. Аймақта да цифрландыру жүйесі қарқынды дамып келеді. Бұл әкімшілік кедергілерді азайтып, уақытты үнемдейді, - дейді мамандар.
Асхат Оралбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы:
Біз ведомстваның цифрлық трансорфмацияға дайындығын жеткілікті және тиімді деп бағалаймыз. Агенттікпен оның аумақтық департаменттері цифрлық экожүйе жағдайында жұмыстар жасап жатыр. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер, оның ішінде персоналды басқару, мемлекеттік қызмет мониторингі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау саласында белсенді пайдаланылады. Бүгінгі таңда цифрлық құралдар, нүктелік тексерулерден жүйелі деректерді мүмкіндік береді. Бұл әсіресе мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, кадр процестерін мониторингі, қызметтік әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау сияқты бағыттар үшін маңызды. ЖИ технологиялары біздің жұмысымыздың объективтілігін, жылдамдығын және профилактикалық арттыру құралы ретінде қарастырылады.
Цифрлық трансформацияның табысты жүзеге асуы үшін Мемлекеттік қызмет департаментінің барлық мамандары арнайы оқыту бағдарламаларынан өткен. Олар жаңа технологиялар мен басқарушылық әдістерді меңгерген. Сонымен қатар, цифрлық шешімдер мен деректерді тиімді пайдалануға дағдыланған.
Асхат Оралбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы:
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін жүйелі мониторинг күшейтіледі. Ақпараттық жүйелердің деректері азаматтардың өтініштері мен тексеру нәтижелері талқыланады. Қайталанатын және түбегейлі проблемалар анықталады. Талдау қорытындысы бойынша біз мемлекеттік органдарға рәсімдерді жеңілдетуге, артық әкімшілік кедергілерді жоюға және қызмет алушыларға нақты ұсынымдар еңгіземіз. Мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Оқыту шаралары, көрсетілетін қызметті берушілерді , кадр қызметкерлерін қолдау, қызметтік әдеп және жауапкершілік мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен жұмыс жүргізіледі.
Мемлекет басшысы сандық өзгерістердің тиімділігі нақты нәтижемен, шешім қабылдау жылдамдығымен және қызмет көрсету сапасымен өлшенуі тиіс екенін атап өтті. ЖИ және цифрландыру жүйесі бойынша қала тұрғындарының пікірін тыңдап көрдік.
Өңірде заманауи әдістерді енгізуге және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы тұрғыда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырып, азаматтар үшін таптырмас құралға айналып отыр.
Гүлдана Айдарқызы