Облыста дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, 26 қаңтар күні аймақта қар жауып, боран соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-18 м/с дейін жетіп, екпіні күшейеді. Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бірқатар талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Елді мекендерде және автожолдарда қозғалыс кезінде жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтау қажет. Қатты жел кезінде электр сымдарына жақындамау және автобус аялдамаларының маңында, ағаштардың астында паналамау қажет.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Құрметті азаматтар! Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды. Облыс аумағында қар жауып, жел соғып, көктайғақ күтілуде. Алыс аймақтарға жол жүруден бас тарту қажет. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар.