Соңғы жылдары интернет алаяқтықтың саны айтарлықтай артты. Қазіргі таңда қаскөйлер заманауи технологияларды пайдалана отырып, азаматтардың сеніміне кірудің түрлі тәсілдерін қолдануда. Мамандар мұндай қылмыстардың алдын алу үшін әрбір адам ақпараттық қауіпсіздікке бейжай қарамауы тиіс екенін ескертеді.

Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы өңірде 1500 интернет алаяқтық фактісі тіркелген. Аталған қылмыстардың салдарынан тұрғындарға төрт миллиард теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Бұл көрсеткіш желі арқылы жасалатын қылмыс ауқымы жыл өткен сайын артып келе жатқанын аңғартады. Ал биыл облыс аумағында елуге жуық интернет алаяқтық дерегі тіркеліп отыр. Нәтижесінде тұрғындарға 50 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

Нұрай Арыстанбек, ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

Интернет алаяқтыққа тоқталатын болсақ жыл басынан бастап облыс аумағында елуден астам интернет алаяқтық фактісі тіркелген. Адамдарға елу млн. теңгеден астам қаражат шығын келтірілді. Көбінесе қазір өзін банк қызметкерлері атынан таныстырып қоңырау шалады немесе мемлекеттік және де құқық қорғау органдарының қызметкерлері атынан қоңырау шалып адамдарды алдайдыБіздің облыс аумағының тұрғындары мен қонақтарын қырағы болуға шақырамыз және де өз жеке деректерін және счеттардың қауіпсіздігі тек өз қолыңызда екенін ұмытпауды еске саламыз.

Мамандардың айтуынша, бүгінде алаяқтар өзін банк қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдері ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіргісі келеді.

Құқық қорғау органдары облыс тұрғындарын барынша қырағы болуға шақырады. Әр азамат жеке деректерінің және банк есепшоттарының қауіпсіздігі тек өз қолында екенін ұмытпауы тиіс.

Талант Тұрсынов