Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында ел дамуының негізгі бағыттары, әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен саяси реформалар кеңінен талқыланды. Президент парламент құрылымын жетілдіру, Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу мәселелеріне тоқталып, қоғамның тірегі саналатын жастарға ерекше басымдық берілетінін де атап өтті. Бүгінде аймақта жастар Мемлекет басшысы көтерген бастамаларды нақты іспен жүзеге асырып келеді. Жас буын өкілдері креативті индустрияны дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге белсене атсалысуда.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жас ұрпақтың ел болашағындағы рөлін айқындап, жастарды жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыратын, креативті индустрияны дамытатын негізгі күш ретінде атады. Бүгінде Жастардың ұлттық бірегейлікті өнерімен айшықтап, елді халықаралық деңгейде танытуы – жасампаз отаншылдықтың айқын көрінісі. Президент көтерген бастамалар өңірлерде нақты іспен жалғасып келеді. Соның бірі – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы. волонтерлер қозғалысы, әлеуметтік жобалар – өңір жастарының жауапкершілігі мен жасампаздығын көрсетеді.

Айдос Әділбеков, Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:

Айтылған ойлардың барлығы елімізде заң үстемдігін құру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шешуші пікірлер деп айтсақ болады. Осы бағытта біздің өңір де қалыс қалып жатқан жоқ. Өңірімізде жастардың, жастар орталықтары мен жастар ұйымдарының қатысуымен ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы «Таза Қазақстан» акциясының аясында эко-челендждер, сенбіліктер, барлық білім беру мекемелері мен жұмысшы жастар арасында ағартушылық жұмыстар атқарылып жатыр. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түріл шаралар, жастардың мәдениетін арттыру, заң талаптарын сақтау бағытында Құқық қорғау органдарының бірлесе отырып ауқымды жұмыстар барлық қала, аудан деңгейінде жүзеге асырылуда.

Құрылтайда көтерілген жастар мәселесі – еңбек, тәртіп, білім мен жауапкершлікті қамтиды. Өңір жастары қоғамды өзгерту үшін ниет те, әрекет те керек, - деген пікірде.

Темірлан Базылханов, Облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы:

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан ойлары мен үшін, жалпы жастар үшін өте маңызды болды. Бұл бастамалар жастарды ұлтты сүюге, патриотизмге, экологияға деген жанашырлыққа, ортақ мүліктерге құрметпен қарауға шақырады. Заң бар жерде тәртіп бар. Ал, тәртіп бар жерде дұрыс орта қалыптасады.

 «Таза Қазақстан» – тек экологиялық бастама емес, бұл – ұлттық идеологияның ажырамас бөлігі. Тазалық – тәртіптің, ал тәртіп – жауапкершіліктің негізі. Осы құндылықтарды жастардың санасына сіңіру – өркениетті қоғам қалыптастырудың басты алғышарты.

Айдос Әділбеков, Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:

Жалпы, өңірімізде былтырғы өңірімзде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында 350-ден астам шара ұйымдастырылды. Оған 70 мыңнан астам жас қатысты. Ал, «Таза Қазақстан» жобасының бағытында бізде шамамен 190-нан астам шара өткізілді. Бұған бізде 50 мыңнан астам жас қатысты.

Қазақстанның патриоты болу – азаматтық жауапкершілікті терең сезіну. Ел үшін адал еңбек ету, заң мен тәртіпті сақтау, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу – жасампаз отаншылдықтың негізі. Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар осы құндылықтарды одан әрі нығайтуға бағытталған.

Фатима Тілейханқызы