О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада Қайым Мұқамедханов Абай аманатын жеткізген аңыз адам атты көрме өз жұмысын бастады. Шара ғалым, жазушы, ақын, абайтанушы, қоғам қайраткерінің туғанына 110 жылдығына орайластырылған.

Көрмеде ғалымның абайтану ғылымындағы өлшеусіз еңбегін айқындайтын «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» атты іргелі зерттеуі ұсынылған. Бұл еңбекте Қайым Мұхамедханов Абай өлеңдеріндегі бұрмаланған, қате берілген сөздерді түпнұсқасына сүйене отырып түзеткенін нақты деректермен дәлелдейді. Осы және өзге де құнды ақпаратты оқырмандар электронды нұсқада да көре алады.

 Ботагөз Кенжебекова, О.Бөкей атындағы қалалық кітапхананың қызметкері:

Біздің көрмемізде Қайым Мұхаметхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» кітабы қойылған. Бұл жерде біз Қайым Мұхаметхановтың көп жылғы зерттеу нәтижесінде Абай Құнанбайұлының жалғыз еместігін, оның ақындық мектепті қалыптастырғанын көрермендер келіп таба алады. Осы көрмеміз ашылғаннан бастап, келушілер өте көп. Біздің кітапханамыздан тың деректерді көре алады. Тек қана кітаптар емес, электронды кітапханамыз да бар. Ол жерде барлығы қолжетімді.

Бұл көрме бір ғана тұлғаның өмір жолын емес, тұтас қазақ рухани кеңістігінің қалыптасу кезеңдерін айқындайтын маңызды мәдени оқиға. Ғалымның балалық шағынан бастап, өмірінің соңына дейінгі ғылыми және шығармашылық жолын қамтитын қолжазбалар мен ғылыми еңбектер ұсынылған. Көрме материалдары Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен

Бұл шара ғалымның сан қырлы мұрасын бүгінгі ұрпаққа таныстырып, ұлттық руханияттың сабақтастығын дәріптейтін тағылымды жоба. Көрме арқылы келушілер бір ғалымның өмірлік еңбегі арқылы тұтас бір дәуірдің рухани келбетін тани алады.

Сая Жарасқызы