Республика бойынша жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев онлайн форматта қатысты.
Кездесу барысында министр жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысын ескере отырып әзірленіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, құжаттың әлеуметтік-еңбек саласына қатысты маңызды тұстарына тоқталды. Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов қатысып, өз пікірін білдірді.
Бақытбек Қизатов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның алдағы ұзақ жылдарға арналған даму бағыты айқындалатын маңызды кезең екенін атап өткен болатын. Бүгін біз ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Маратұлы Ертаевтың осы жаңа заңды таныстырды. Сол бойынша жаңа Конституция жобасы қоғамның сұранысы мен талаптарына сай әзірленген, мемлекеттің құқықтық негіздерін жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат.
84 пайызы өзгеріп жатқан Ата заңның мазмұны барша ел тұрғындары үшін аса маңызды екені сөзсіз. Заң жобасына қатысты кез келген Қазақстан азаматы өз ұсыныс жолдай алады. Ол хабарлама түскен сәттен 15 күннің ішінде қаралады. Ал жаңа Конституция бойынша нақты шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады.
Бекарыс Секен