Президент Ұлттық құрылтайдың V отырысында білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салатын болдық. Себебі адам капиталының сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет. Бұл, әсіресе, ел дамуының қазіргідей тарихи, бетбұрысты кезеңінде халқымыздың болашағына тікелей әсерін тигізеді,-деген еді. Облыста Мемлекет басшысысының тапсырмасын орындау аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ұлан ауданына қарасты Привольное ауылының мектеп оқушылары түрлі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, көк байрақты желбіретуде. Аймақта білім мен спортты қатар алып жүрген жастар саны күн санап артып келеді.
Рәбиға Сержан, Привольное мектеп-бөбекжай-балабақша кешені директорының орынбасары:
Мектеп базасында 2005 ж бері хоккей командасы жұмыс жасайды. Ол хоккей командасы жетекшісі Гаджиев Игорь. Қазіргі таңда бұл хоккей командасы тек аудан намысын, облыстық және республика көлемінде қорғап келеді. Жетістіктеріміз өте көп. Облыстық деңгейде , республикалық тіпті халықаралық деңгейге дейін шығып қайтты. Былтыр Ресей Федерациясының Пермь қаласына барып жарыстарға қатысып келді. 2025 ж желтоқсан айында жарысқа қатысып жүлделі 2 орынға ие болды.