Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тікелей қолдауымен ұйымдастыратын дәстүрлі шара түбі бір түркі жұртының рухани құндылығын ұлықтауға арналған. Фестиваль туралы осы шараның басы-қасында жүрген тілшіміз Бекарыс Секен тарқатсын.

Земфира Рашитова, «HAZINA» этно тобының жетекшісі (Ресей Федерациясы):

Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Фестиваль туралы бізге бірнеше ай бұрын хабарлап шақырды. Ең бастысы мәдени қарым-қатнас. Сондықтан әуежайдан түскен бойда аяқ-қолымызды жерге тигізбей күтіп алды.

Фестивальдың мақсаты - түркі мәдениетін насихаттай отырып алыс-жақыннан келген қонақтарға шығыстың тұмса табиғатын көрсетіп, турист тарту. 

Нұрлыбек Рахметов, турист (Маңғыстау облысы):

Біз Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан ШҚО келіп жатырмыз. Шығыстың табиғаты өте керемет. Отбасымызбен қыдырдық.

Биылғы фестивалдың ауқымы айтарлықтай кеңейді. Димаш Құдайберген арнайы қонақ ретінде шақырылды. Сондықтан Алтайдың аясына әлемнің түкпір-түкіпірінен қонақтар толассыз келіп жатыр. 

Бекарыс Секен