Катонқарағай ауданында «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тікелей қолдауымен ұйымдастырылған шара бас аяғы екі күнге созылды. Фестивальдің алғашқы күні қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ақтан Нұрбаевтың туғанына 100 жыл республикалық поэзия фестивалімен басталды.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Хакім Абай сөз патшасыны теліген қасиетті қара өлеңді халқымыз жәй өнер деп бағаламаған. Қазақ үшін сөз аманат, сөз ұлтты жалғайтын алтын көпір.

Облыс әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған әдеби кешке ақын Ақтан Нұрбаевтың әулеті демеуші болды.

Ержан Ақтанов, А. Нұрбаевтың ұлы:

Ер азамат мықты болу үшін не болу керек? Бірінші кімнен тудың? Екінші кімнен үйрендің? Үшінші кімге үйлендің? Осы үшеуі орындалса, жолың болады, дейді ғой. Әкемізге мың да бір рахмет! Әкенің азығы балаға 40 жыл азық болады деген осы.

Жыр кешін белгілі ақын Қалқаман Сарин жүргізіп, әр қатысушының шығармашылық болмысына тоқталды. Бұдан бөлек, Ақтан Нұрбаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Индира Кереева, ақын:

Шырайлы шығыс екі жыл қатарынан алты алаштан ақындарды сауын айтып шақырып Берелдің тойын ат ой салып тойлап жатыр. Бұл жоба түркі жұртына рухнаи оралу деп есептеймін.

Салтанатты шара соңында поэзия фестиваліне қатысқан барлық ақынға 500 мың теңгелік сертификат табысталды.

Бекарыс Секен