Катонқарағай ауданында 25 шақырымдық аламан бәйге өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүйріктер қатысып, бақ сынады. Кім жеңімпаз атанды, сюжеттен көрейік...

Аламан бәйге «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында өтті. Аттың жалына жабысқан қаршадай балалар қайсарлық көрсетіп, мінез танытты. Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысы, Көкпекті ауданынан келген «Толағай» атты тұлпар мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Жеңімпазға автокөлік кілті табысталды.

Әбілмансұр Манап, шабандоз:

Аттың басын тартып отырып, соңғы кругта бәрін ұтып отырдым.

Атты баптаған Айдос Төкеновтің айтуынша, бұл жеңіс қыс бойы тынымсыз дайындалған еңбектің арқасы. Тәжірибелі атбегі осы уақытқа дейін түрлі аламан бәйгелерде 12 автокөлік ұтып, талай жүйріктің бабын келтірген.

Айдос Төкенов, атбегі:

Бәйге өте үлкен деңгейде өтті. Бұл біздің қыс бойы еңбегіміз. Бұл ат 3 сезон шауып жатыр. көлігін ұтып отыр. 

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ұлттық ат спорты - қазақ халқының баға жетпес рухани мұрасы екенін атап өтті. 

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Бүгін мықтылардың мықтысы жеңіп жатыр. Жылқы дегеніміз қазақтың жан дүниесі. Ата бабамыздан берілген аманат.

Аламан бәйге халықаралық фестивальдің ең көп көрермен жинаған шараларының бірі болды. Ұлттық рухты асқақтатқан дүбірлі дода Катонқарағай төрінде ерекше әсер сыйлап, фестивальдің мазмұнын байыта түсті.

Бекарыс Секен