Облыста металлургтердің еңбегі өңірдің өнеркәсіптік дамуының негізі саналады. Еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі – «Үлбі металлургиялық зауытында» төрт мыңға жуық адам еңбек етеді. Олардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында атом энергетикасында, медицинада және жоғары технологиялық өнеркәсіпте сұранысқа ие өнімдер шығарылады. Металлург күнінде «ҮМЗ» АҚ Басқарма төрағасы Сергей Бежецкий әріптестерін құттықтады.

Сергей Бежецкий, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ басқарма төрағасы:

ҮМЗ – уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндіретін әлемге танылған кәсіпорындардың бірі. Бұл өнімдер атом және ғарыш өнеркәсібінде, сондай-ақ электроника, медицина, ғылым және басқа да жетекші салаларда қолданылады. Компания алға қарай нық қадам басып келеді. Жыл сайын өндірісті жаңғыртуға инвестиция салынып, жаңа өнім түрлерінің номенклатурасы кеңейтілуде. Сонымен қатар заманауи жабдықтар сатып алынып, экологиялық таза технологиялар енгізілуде. Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорны аясында жылу бөлгіш құрамалар өндіру жобасы да табысты дамып келеді. Барша металлургтерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, ертеңгі күнге сенім және жаңа өндірістік жетістіктер тілеймін. Жүректеріңізде әрдайым жасампаздықтың оты жансын, отбасыларыңызға жылулық пен бақ-береке орнасын. Әрбір жаңа күн еңбектеріңіздің лайықты нәтижесін әкеліп, өз кәсіптеріңізге деген мақтаныш сезімін арттыра берсін.