Білім мекемелерімен мен жергілікті полиция ұйымдастырған акцияның мақсаты - балалардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттарын алдын алу. Ресми ақпаратта, облыста 130 жол-көлік оқиғасы орын алса соның 6 бала қателігінен болған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш біршама азайуы ықтимал.

Бүгінде мектеп қабырғаларында жол жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. «Абайлаңыз – балалар!»  профилактикалық шарасы республиканың барлық аймақтарында ұйымдастырылып отыр. Полиция қызметкерлері «өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі біз үшін бірінші орында», дейді.