Әділ Омарханов 10-шы сынып оқушысы. Ол өзінің болашақ мамандығы туралы ерте ойластыруды жөн деп тапты. Бүгінгі жәрмеңкеде түрлі мамандықтар тізімі мен сұранысы жоғары жұмыс орындарымен танысты. Қазір оқушы аудармашы мамандығына толқталып отыр.

ӘДІЛ ОМАРХАНОВ, 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

«Мұнда ярмаркаға келуімнің себебі, болашақта қандай профессия таңдауыма, болашақ мамандыққа, бұл менің ойымша өте маңызды. Себебі қазіргі таңда көптеген оқушылар әлі қандай оқу орнына баратынын білмейді өздері және де мұндай ярмаркалар, жәрмеңкелер оны таңдауға үлкен көмегін көрсетеді».

Жұмысқа орналасқысы келгендермен еңбек орнын ауыстырам деушілерге 50-ден астам ұйымдар ұсыныстар жасады. Қала кәсіпорындары көрсеткен мамандықтар тізімі де айтарлықтай ауқымды. Олардың ішінде инженер, тәрбиеші, есепші, сатушы, менеджер, жүргізуші, электрик сяқты мамандарға сұраныс көп.

МӘУЛІХАТ ҚҰСАЙЫНОВА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Бүгінгі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысушылардың басым бөлігі жастар. Бұл шара оларға пайдалы да, нәтижелі болады деп ойлаймын. Біз бұған үміт артамыз. Ағымдағы жылдың оқыту жоспарына 580 адам кіріп отыр. Бұл қала үшін оңай жоспар емес».

Әркім өз мамандығын таңдау үшін жәрмеңкеде кеңес беру орталығы жұмыс істеді. Тұрғындар өздеріне керекті ақпараттарды жұмыспен қамту қызметінің мамандарынан алу мүмкіндігіне ие болды.

 

АЙДОС МЫРЗАХМЕТОВ