Кешенді тестілеу енді 2 кезеңге бөлінді. Яғни, түлектер орта білімді растайтын аттестат пен «Алтын белгіні» алу үшін мемлекеттік емтихан тапсырады, ал жоғарғы оқу орнына түскісі келетін талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді.  
КТМ: Биылдан бастап мектеп түлектері тестілеуден өтудің орнына, ауызша және жазбаша емтихандар тапсырады. Жаңа формат арқылы оқушылардың мектеп қабырғасында алған білімдерінің деңгейін объективті түрде көруге болады, - дейді мамандар.