Байқауға қатысып, бағымды сынасам деген Семей мектептерінің оқушылары ақын өлеңдерін жарыса жаттап жатыр. Абай біздің мойынға тағар бойтұмарымыз, жол көрсетер көшбасшымыз, ұлы Абайды оқыған сайын күш аламын дейді, 10 сыныпта оқитын Әсем Мұхаметжанова. Байқауға тіпті мектеп жасына жетпеген бүлдіршіндер де қатысуда. Көштің алды болып, аға буыннан қалыс қалар емес. Айзере Қазез әлі мектеп табалдырығын аттамаса да, ақынның он шақты өлеңін жатқа біледі. «Абай оқулары» ақын шығармаларын насихаттау арқылы өскелең ұрпаққа қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын меңгеруге ықпал етіп ғана қоймай, өскелең ұрпаққа таптырмас рухани азық.