1 қыркүйек күні Президент Жолдауда енді ел Конституциясында жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп атап өткен болатын. Бұл нені білдіреді? Ол жайлы әлеуметтану, экология мен география саласының білікті сарапшыларынан сұрап көрдік. 

Мемлекет басшысының мінберден айтылған «жер мен табиғи ресурстар халықтікі» деген сөзін кейбір азаматтар қате түсініп жүр. Білікті сарапшылардың айтуынша, бұл конституциялық норма әрбір қазақстандық осыдан былай аса бағалы ресурстарды шексіз және жеке бас пайдасы үшін қажетінше қолданады дегенді білдірмейді. Мұнда керісінше, барлық тұрғынның табанымыздың астындағы мол байлықтың игілігін көруі меңзелген. 

Осыдан-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар бір-бірімен байланысты екенін аңғаруға болады. Экология және география саласы маманының айтуынша, адамзат өзі мекен еткен жердің табиғи ресурстарын ерте заманнан бастап пайдаланып үйренген. Өкінішке қарай, кейде ысырапшылдыққа салынған. Қай дәуірде болсын адамдар жер қазып, аңдарды аулап, өсімдіктерді тамақ пен дәрі жасауға қолданған. Пайдалы қазбаларды қазып, өндірісті дамытқан. Мұның бәрі тіршілік үшін қажет. Дегенмен, Жер-Ананың бүкіл қоры біртіндеп таусылып барады деп, байбалам салуға бола ма? Осы бағытта әлем ғалымдары қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында су, күн мен жел энергияларын кеңінен қолдану көздерін іздеуде.

Мамандар сөз еткендей табиғи ресурстарды қорғауға тиісті заң бар. Ең алдымен ҚР Конституциясы және құқыққорғау заңы тұр.