Күршім ауданы, Маралды ауылының тұрғындары алтын өндіретін фабриканың құрылысына наразы. Өндіріс орны ашылса қоршаған ортаға ғана емес, мұндағы халықтың денсаулығына да зиян келуі мүмкін, дейді ашынған жұрт. Ал  құрылыс жұмыстарын жүргізуге ниетті компания өкілдері жобаның экологиялық талаптарға екенін алға тартады. Маралды ауылында өткен кезекті қоғамдық тыңдауға арна тілшілері де қатысып қайтты.

Күршім ауданындағы Маралды ауылының тұрғындарында алтын өндіретін фабриканың құрылысы басталады дегелі маза жоқ. Себебі, ауылдағы ағайын өндіріс орны бой көтерсе, жайылымнан да, денсаулықтан да айырыламыз деп отыр.Онымен қоса қоршаған ортаға залал келсе,  көркем ландшафтт бүлінеді деп алаңдайды.
 
 

Жобаны іске асыруға ниет білдірген компания өкілдері зауыттың қоршаған ортаға келтіретін зияны жоқ. Экологиялық талаптарға толықтай сәйкес келеді, дейді.

Өндіріс орнын салу мәселесі бойынша Маралды ауылында бұған дейін де, бірнеше рет қоғамдық тыңдау өткізілген. Алайда, ортақ шешімге тараптар келе алмаған. Бұл жолғы жиынға облыстық әкімдік өкілдері, өңірдің бірнеше басқарма басшылар қатысты. Қоғамдық тыңдауға Экология министрлігі, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы келді. Мәселенің мән-жайын оңтайлы жолмен шешу үшін облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев мынадай ұсыныс жасады...
 
Бұл жолғы тыңдаудада тараптар ортақ шешімге келе алмады. Тұрғындарың ойын онға, санасын санға жүгірткен мәселенің соңғы нүктесін жүргізілетін тексеру нәтижесі қояды.