Ел Президенті  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында білім беру ісіне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, еліміздегі балабақшадалардан бастап барлық оқу орындарының алдында үлкен жауапкершілік пен міндеттер тұрғанын айтты. Президент өз сөзінде: «Ата-аналар мен оқушылар алған білімінің және игерген машық-дағдысының сапалы және сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір деңгейде жауапты екендерін сезінулері тиіс», - деген еді. 

Алдияр Жамелов – 1-курс студенті. Өзі сияқты мұғалім боламын деп бақ сынаған көп үміткердің арасынан топ жарып шығып, грант иегері атанған. Бүгінде қалаған мамандығы бойынша колледжде білім алуда. 

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан педагогтердің абырой-беделін көтеріп, жалақыларын өсіру бойынша үлкен қолдау мен көмек бар. Бұл бағытта алдағы уақытта да біршама өзгерістер болады деп күтілуде. 
Президент Жолдауында айтылғандай, әділетті Қазақстан құру ісінде мұғалімдер айрықша рөл атқарады. Сондықтан, баланың оқуы мен тәрбиесіне ерекше мән берілуде. Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы үшін жағдай жасала бермек.