Өңірде шекаралық аймақтарды дамыту бастамасы сәтті іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты аталған аумақтарда тұратын азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымын жаңарту. Мәселен, Күршім ауданына қарасты Ұранхай  ауылында жаңа жоба қолға алынған. Мұнда биыл мектепті қолданысқа беру көзделген. Облыс әкімі Даниал Ахметов құрылыс барысымен танысып қайтты.

Ұранхай ауылында биыл тұрғындардың әлеу­мет­тік ахуалын жақсарту, инфрақұ­ры­лымды нығайтудағы алғаш­қы жұмыстар басталып кетті. Мұнда  таяуда жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашпақ. Айта кетейік, бұған дейін балалар ескі ағаш мектепте оқыған. Жаңа оқу орны барлық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Робототехника сыныбы ашылып, интерактивті тақталар сабақ процесінде қолданылады. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аймақ басшысы Даниал Ахметов ауыл тұрғындарымен де тілдесті.

Ендігі мақсат ауыл туризмін дамыту ісін қолға алу. Оны іске асыру  үшін барлық мүмкіндіктер бар. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту бағдарламасына енетін жеке жоспар да жасалған. Қазірдің өзінде бес қонақ үй құрылысының жобасы әзір.

Аймақ басшысы мұндағы туристік әлеуетті дамытуға ниет білдірген тұрғындардың ұсыныстары болса, оларды қарастыруға және қолдауға дайын екенін жеткізді.