Өскеменде Республика күні ерекше атап өтілді. Мерекеге орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Аудандардан келген бал, сүт және нан-тоқаш өндірушілері қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды. Ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам мерекелік концертке ұласты.

Республика күні мерекесіне ұлттық мәртебе берілуі елдің тарихы мен құндылықтарының қайта орала бастағанын дәлелдейді. Күздің суғына қарамастан ашық аспан астында өткен шарада керемет билер биленіп, ізгі тілектер айтылды.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың құттықтау сөзінен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті.

Кейін жиналған жамағатпен бірге салтанатты түрде әнұран орындалып, концерт қойылды. Жас өнепаздардың туындыларынан бөлек, концертке елге танымал эстрада әншісі Калифарния да қатысты.

Облыс орталығының шығармашылық ұжымдары, вокалистер мен би ансамбльдері салтанатты шараға өз үлестерін қосып, өнер көрсетті.

Қала тұрғындары мерекені жайдарлы көңіл-күймен атап өтті. Республика алаңына қоғам қайраткерлері және қарапайым қала тұрғындары жиналды. Туған елге, Тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспеншілік барша жамағатты біріктірді.

Ұлттық мереке дәл қазіргі уақытта үлкен тәрбиелік маңызға ие болып отыр. Қазақтыңың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары тарихи үрдістегі барлық тәлім-тәрбиенің барлығы қайта оралғандай.

30 жылдың ішінде Қазақстан біраз қиындықты еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсе білді.