Облыс орталығындағы коммуналдық қызмет өкілдерінің жұмысы қазір қызып тұр.Қолайсыз ара райының салдарын жою мақсатында мамандар  бел жазбастан Өскеменді қардан тазалауда. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шаһар басшысы «Таза Өскемен» кәсіпорнының базасына жауапты бөлім басшыларын жинап, штаб отырысын өткізді.Жиында қаланың іші мен шет аумақтарын,  жолдарды ретке келтіру, көліктердің кідіріссіз қозғалысын қамтамасыз ету  мәселелері талқыланды.
Штаб отырысында қала әкімі Жақсылық Омар жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бірінші кезекте қоғамдық көліктердің штаттық режимде жұмыс істеуі мен тұрғындардың әлеуметтік нысандарға кедергісіз жетуін қамтамасыз ету туралы мәселе пысықталды.  
Ал коммуналдық қызмет өкілдерінің сөзінше күннің суытып, ауа температурасының күрт төмендеуі – жолдарды қардан тазалау жұмыстарына кері әсерін тигізуде.
Қала әкімі осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Ендігі мақсат, жауған қарды қала ішінен шығарып, шағынаудандардағы жолдарды ретке келтіру жұмыстарын уақытылы іске асыру қажет.